Сенбілікке қатысуға шақырамыз!

Сенбілікке қатысуға шақырамыз!

2026 жылғы 4 сәуірде облыс аумағында ауқымды жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылады.

Шараның мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сенбілік барысында көшелер мен аулалар тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтіріледі, сондай-ақ ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Баршаңызды Жетісу өңірінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.