
Ұлы Жеңіс күніне орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты Қырыққұдық ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған ескерткіш аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында ескерткіш маңы тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Бұл — батырлар рухына көрсетілген құрмет пен кейінгі ұрпаққа үлгі.
Барша ауыл тұрғындарын тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз!