
14 наурыз – Көрісу күніне орай Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің орынбасары Ырым Ернұр Амангелдіұлы бастаған делегация Бірлік ауылдық округіне арнайы барып, тұрғындармен көрісіп, амандық-саулық сұрасты. Кездесу барысында тұрғындар бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.