
2026 жылғы 2 сәуір күні Шолақай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында округтегі барлық мекемелер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны абаттандыруға белсене атсалысты.
Шараның мақсаты – елді мекеннің тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және ортақ аумақтарға ұқыпты қарауға шақыру.