«Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

«Мерейлi отбасы-2026» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы                                  6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін).

Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін).

Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты "ССарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нен алуға болады.

Тел: 8(72831)33741, 33834.