Қоңырөлеңде Жеңіс күні салтанатты түрде атап өтілді

Қоңырөлеңде Жеңіс күні салтанатты түрде атап өтілді

Бүгін, 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай Қоңырөлең ауылында мерекелік іс-шара өтті. Ауылымыздың Ұлы Отан соғысының құрбандары мен ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, батырлар рухына құран бағышталды.

Мереке аясында тыл ардагері Сабазова Нұржамал апамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қариямызға жылы лебіздер білдіріліп, мерекелік азық-түлік себеті табыс етілді. Бейбіт күннің бағасын білетін ақ жаулықты анамыз ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі. Ер есімі — ел есінде! Жеңіс күні құтты болсын!