Ардагерлер жиналысы

Ардагерлер жиналысы

2026 жылғы 5 ақпанда Қоңырөлең ауылында Қоңырөлең ауылдық округінде аудандық және қалалық бастауыш ардагерлер ұйымдарымен бірлескен жиналыс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімі С.Қойчибеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Керімқұлов, төраға орынбасары, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Д.Жұмабеков, сондай-ақ округке қарасты елді мекендердің мектеп басшылары, мәдениет, денсаулық сақтау, балабақша қызметкерлері, қоғамдастық мүшелері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Күн тәртібінде:

  1. Аудандық және округтік ардагерлер ұйымы төрағаларының есебі;

  2. Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы мен мүшелерін сайлау;

  3. Аудандық ардагерлер конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

Жиын барысында ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары тыңдалып, Дауысқожа Нұрбекұлының еңбегіне «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Жасы ұлғаюына байланысты оның ұсынысымен Қожақов Елтай Тұрлықожаұлы ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы ретінде ұсынылып, қатысушылардың 100% дауысымен сайланды.

Аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан Дауысқожа Нұрбекұлына арнайы «Алғыс хат» табысталып, құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, алдағы аудандық ардагерлер ұйымының есепті конференциясына округтен 7 делегат ұсыну туралы шешім қабылданды.

Жиналыс өзара түсіністік пен бірлік рухында өтіп, ардагерлер ұйымының алдағы жұмыстары айқындалды.