Аудан әкімі Марат Сағымбек Көктал ауылындағы шыға беріс айналма жолдың ортасына орнатылған нысанның ашылуына қатысты

Аудан әкімі Марат Сағымбек Көктал ауылындағы шыға беріс айналма жолдың ортасына орнатылған нысанның ашылуына қатысты

Аудан әкімі Марат Сағымбек Көктал ауылындағы шыға беріс айналма жолдың ортасына орнатылған нысанның ашылуына қатысты.

22 миллион теңге жұмсалған кешенді ауыл тұрғындары өздерінің қаражатына тұрғызған. Аудан басшысы тұрғындармен бірге нысанның лентасын қиып, ауыл тұрғындарына алғасын білдірді.

"Тоғыз жолдың торабында орналасқан Көктал ауылына бұл нысан сән беріп, көпке үлгі болуда. Өздеріңіз білесіздер, мереке қарсаңында ауданымызда түрлі нысандар ашылып, елдің игілігіне берілуде. Қай ауылда болмасын ауылдың ат ұстар, арқа сүйер азаматтары бар. Аядай ауылды түрлендіріп, бірлесе еңбек етуі біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы. Әркез осындай жақсылықтың жаршысы болып, ауданымыз үлгілі, ырысымыз артып, берекеміз бекем болғай" деді әкім ашылу барысында.