Көктал ауылында 140 орынды балабақша ашылды

Көктал ауылында 140 орынды балабақша ашылды

Көктал ауылында 140 орынды
балабақша ашылды.
Көктал аулының тұрғыны, ардагер ұстаз Олжабаева Шекерхан ашқан "Алуа" бөбекжайы 26 маманды
жұмыспен қамтып отыр. ҚР Конституция күніне
орай лентасы қиылған нысанның құрлысына 100
млн теңге жұмсалған. 11 мың тұрғыны бар Көктал ауылында ашылып отырған үшінші балабақшаны кәсіпкер ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізген. 740 шаршы метр аумақты алып
жатқан балабақшада 6 топ бар.
Мереке қарсаңында аудан әкімі Марат Сағымбек тұрғындарымен бірге балабақшаның лентасын қиып, нысанның жұмыстарымен танысты. Кәсіпкер
Шекерхан ұстазды аудан басшысы тұрғындар
атынан құттыктап, алғысын білдірді.
Ашылып отырған нысан толықтай заманауи
жабдықталған және бүлдіршіндерге қажетті барлық
жағдай жасалған.