
22.01.2026 жылы Көктал ауылдық округінде Қонаев атындағы орта мектеп АКТ залында Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына орай Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі түсірген «Оқылмаған хаттар» атты кинотуынды Көктал ауылдық округінің тұрғындарына ұсынылды.
Шараның мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір мен өзара құрметтің маңызын түсіндіру. Кино көрсетілімі барысында көрермендер ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің қадір-қасиетін терең сезініп, тағылымды ой түйді.