"Ардагерлер тарихтың куәсі" атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

"Ардагерлер тарихтың куәсі" атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

12 ақпан күні «Ә. Қастеев атындағы орта мектебі» КММ ұйымдастырумен 15 ақпан Ауған соғысы ардагерлер күніне орай «Ардагерлер - тарихтың куәсі»атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлер мен кездесу кеші өткізілді.
Мектеп пен ауыл кітапхана қызметкерлері «Ауғанның отты жалыны» атты тақырыпта кітап көрме ұйымдастырып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігін дәріптеу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
Ардагерлердің ерлігі мен батырлығын үлгі ету;
Оқырмандарды отансүйгіштікке, бейбітшілікті қадірлеуге тәрбиелеу;
Жастарды кітап оқуға баулу, тарихи-танымдық қызығушылығын арттыру;
Қаза болған боздақтарды еске алып, құрмет көрсету.