
Алтыүй ауылы Ә.Қастеев атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға "Қоғамдық келісім" КММ-нің Панфилов аудандық филиалының басшысы Марат Тайлақұлы Илипов күн тәртібіндегі мәселені түсіндіріп, жүргізіп отырды. Шараның мақсаты Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні мен мазмұнымен кеңінен түсіндіру. Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру жолдарын талқылау, қоғамның түрлі өкілдерінің пікір алмасуына мүмкіндік жасау және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына Қоғамдық қолдауды нығайту. Шарада Панфилов аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Абдушакиров Азиз Алимжанұлы мен Бірлік ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдрахман Бейсембаев сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Қорыта айтқанда, атқарылған іс-шаралар мен көтерілген мәселелер қоғам үшін маңызды әрі өзекті екені байқалды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып, оң нәтижелерге қол жеткізуге негіз болады деп сенеміз. Бірлік пен өзара ынтымақтастық сақталған жағдайда, қойылған мақсаттардың толық орындалуына мүмкіндік мол.