
Панфилов аудандық ақсақалдар кеңесінің бекітілген жоспарына сәйкес Бірлік ауылдық округіндегі ақсақалдар кеңесінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты 2025 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру және округте жаңадан ақсақалдар кеңесінің төрағасын сайлау. Жиналысқа округке қарасты Алтыүй, Надек, Шеджін, Суптай ауылдарынан ақсақалдары алқасы қатысты.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиналысты округ әкімі Дидар Сембекұлы Мухаметжан ашып, баяндама жасады. Шараға қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Көпшіліктің ұсынысмен Бірлік ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып Иманбеков Әділетхан Нуриұлы тағайындалды.