
Мемлекет басшысының саяси реформалары аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмін енгізу туралы бастамасына сәйкес, 13 шілде күні Бірлік ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, кандидаттар округ тұрғындары арасында сайлау алды бағдарламаларын жасап, халықпен кездесулер өткізген болатын. Сайлау қорытындысы бойынша Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Мухаметжан Дидар Сембекұлы сайланды.
Халықтың қолдауына ие болып, округ әкімі болып сайланған Мухаметжан Дидар Сембекұлын Панфилов ауданының әкімі Марат Рахымбердіұлы Сағымбек арнайы келіп құттықтап, еңбегіне сәттілік тіледі.