
2026 жылғы 10 ақпанда Басқұншы ауылдық округінің әкімі Самықжанов Жарас Бөжейқанұлының Басқұншы ауылының тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.