
Фестивальдің мақсаты – ардагерлердің өнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар ән айтып, көркем сөз оқып, өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы құрамында мемлекеттік қызмет ардагері Қанат Нұркешұлы, аудандық мәдениет үйінің директоры Мұратхан Әлдибекұлы және Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының директоры Айдын Жұмағалиұлы болды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.