
2026 жылы 11 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында Іле өзенінің жағалауын тазалау және жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Іс-шараға қала тұрғындары, еріктілер және түрлі мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Ортақ мақсат — табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Тазалық жұмыстары барысында аумақ толықтай жиналып қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Жағалау ретке келтіріліп, санитарлық тазарту жүргізілді.