
2026 жылғы 02 сәуірде Айдарлы ауылдық округінің әкімі Хабиұлы Қанаттың Айдарлы Дарбазақұм, Сарпылдақ ауылдарының тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі 2025-2026 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.