Жауап: «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген мамандарға екі түрлі көмек көрсетіледі: бір реттік көтерме жәрдемақы немесе тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит.
Жауап: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тіркелуге Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, келесі құжаттарды ұсыну керек: өтініш, әскери қызметшілер үшін қызмет орнына анықтама, жұмыс орнынан анықтама, медициналық анықтама, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжат, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтер.
Жауап: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті тұрғын үй инспекциясы бөліміне мынадай құжаттарды ұсынған кезде жекешелендірілуі мүмкін: сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған өтініш, өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не төлқұжаттарының көшірмелері, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жалдау шартының көшірмелері, тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы құжат, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз (тегін) жекешелендіруге құқығы бар азаматтар қатарына жататындығын растайтын анықтама.
Жауап: Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын осы салада арнайы дайындықтан өткен және тиісті рұқсаты бар ұйымдар ғана жүргізеді. Мұндай ұйымдар туралы ақпаратты «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан немесе оның жергілікті бөлімдерінен біле аласыздар.
Жауап: Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгініп, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай, не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезектілікке сәйкес беріледі.
Жауап: Жер қатынастары саласына жетекшілік ететіңн жергілікті атқарушы органға өтініш білдіре отырып, жер заңнамасының талаптарына сәйкес жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бос жер учаскесін алуға болады.
Жауап: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасуына байланысты әр жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады.
Жауап: Жер учаскесі орналасқан жердегі әкімдікке өтініш беру арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатыса отырып, коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды салу үшін жер учаскесін алуға болады, сондай-ақ жер учаскелері сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) қойылған уақытта алуға болады.
Жауап: Жер заңнамасының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жалдау құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер комиссиясы тендерлік ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және инвестициялық жобаның болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспарға сәйкес ұпайлар беру арқылы жеңіп алған конкурстық өтінімді айқындайды. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Жауап: Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бар.
Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекенжайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім беруге болады.
Ақпарат Жетісу облысы әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімі тарапынан ұсынылды.