Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға алғаш болып кірген Кербұлақ ауданының тұрғыны К.Мүлкібаева өзінің заңсыз жұмыстан шығарылғанына шағымданып, сотқа арыз бергенін айтты. Алайда істі қараған сот оның арызын қанағаттандырудан бас тартқан, апелляциялық сотта да ол жеңіліс тапқан. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі сотпен шешілетін дауларға араласу әкімдіктің құзырына кірмейтінін айтты.

Мұнан соң қабылдауға келген алматылық тұрғын Ж. Бурабаева Жетісу облысының дамытуға қатысты бірнеше мәселені жеткізді. Айтылған мәселелерге қатысты нақты жауап берген Бейбіт Исабаев өңірді дамытуға бағытталған шаралар кезең-кезеңімен қабылданып жатқанын және  бұл жұмыстар  әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес атқарылатынын айтты.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай