Жаз маусымы жақындады. Сондықтан Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға түскенде маңызды сақтық шараларын есте сақтауды сұрайды.
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға мас күйінде кірмеңіз.
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға сүңгімеңіз. Суда шомылушыларды батырып ойнайтын ойындарға жол бермеңіз.
- Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдік басқан жерлерде шомылмаңыз.
- Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін пайдаланыңыз. Ешқашан су иірімдеріне жақын жүзіп бармаңыз.
- Қатты тоңып қалмаңыз және қатты күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз.
- Жүзу үшін тақтайларды, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз.
- Үрлемелі матраспен немесе камерамен жағадан алыс жүзбеңіз.
- Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға жол бермеңіз.
- Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны-112.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар қызметі департаментінің мәліметі бойынша