ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

 

Қадірлі Отан қорғаушылар!

Отан қорғаушылар күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Ел мүддесі жолында қалтқысыз қызмет ете жүріп, Отан қорғаушылардың жаңа буыны біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік пен тыныштықты қырағылықпен күзетуде. Біздің жауынгерлік дайындығы жоғары, мобильді, кәсіби армиямыз бүгінде тәуелсіз еліміздің аумақтық тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, аға ұрпақтың ерлікке толы шежіресіне негізделген батырлық мектебі болып отырғаны анық.

Құрметті жетісулықтар! Мамыр мерекесінде баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, бақ-береке тілеймін.

Еліміз әрқашан өсіп-өркендей берсін!