Жетісу өңірінен майдан даласына 120 мыңнан астам адам аттанып, олардың қай-қайсысы да қажырлылық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Олардың 38-і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, 5-еуі Даңқ орденінің толық иегері 58-і ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегері атанды. Сол сияқты аты аңызға айналған 28 панфиловшы батырлардың тең жартысы Жетісу өңірінен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған жетісулықтар:
Панфиловшы батыр Нарсұтбай Есеболатов Ақсу ауданында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс майданға аттанады. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково теміржол айрығында жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс беру кезінде ерлікпен қаза тапты.
Панфиловшы батыр Мұсабек Сеңгірбаев Кировск ауылында туған. 1941 жылы шілдеде 316-шы атқыштар дивизиясының 1075-ші атқыштар полкы 2-ші батальоны 4-ші ротасы құрамында ұрысқа қатысты. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково теміржол айрығында ерлікпен қаза тапты.
Панфиловшы батыр Әлиасқар Қожабергенов 1941 жылы соғысқа алынып, қатардағы жауынгер ретінде 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкінің 4-ротасының құрамында ұрысқа кірді. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково теміржол айрығында ерлікпен қаза тапты.
Панфиловшы батыр Григорий Безродный 1909 жылы Андреев (қазіргі Алакөл) ауданы Глиновка селосында дүниеге келген. 1941 жылдың 20 шілдесінде әскерге шақырылып, 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкі 4-ротасының құрамына алынды. 1941 жылғы 16 қарашадағы Дубосеково теміржол айрығындағы шешуші шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Петр Дутов – панфиловшы батыр. 1916 жылы Гвардия ауданы, Холмогоровка селосында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып, 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкі 4-ротасының құрамына алынды. Осы дивизияның құрамында жауды Мәскеуге жібермей, 1941 жылдың 16 қарашасында шешуші шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Яков Бондаренко – панфиловшы батыр. Гвардия ауданы, Холмогоровка селосында тұрған. 1941 жылдың 17 шілдесінде Отанды неміс-фашист басқыншыларынан қорғау үшін Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1941 жылғы 16 қарашадағы Дубосеково теміржол айрығындағы шешуші шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Никита Митченко – панфиловшы батыр. 1935 жылы отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген. 1941 жылдың маусым айында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, сол жылдың қазан айынан Батыс майданына қарасты 16-армияның 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкы 2-батальон 4-рота құрамында азаматтық борышын атқарады. 1941 жылғы 16 қарашадағы Дубосеково теміржол айрығындағы болған ауыр шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Дмитрий Калейников – панфиловшы батыр. Азамат соғысы жылдары Д.Калейниковтің отбасы Гвардия ауданы Буденновское селосындағы туыстарына көшіп келді. 1941 жылдың шілдесінде майданға аттанып, сол жылы 16 қарашада Дубосеково маңындағы шешуші шайқаста 28-панфиловшылар қатарында жауды Мәскеуге өткізбей, ерлікпен қаза тапты.
Иван Натаров – панфиловшы батыр. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, Батыс майданның 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2-батальонының 4 ротасы құрамында ұрысқа қатысты. Ол 1941 жылғы 16 қарашадағы Дубосеково теміржол айрығы маңындағы шешуші шайқаста ауыр жараланып, контузия алды. Қаза болар алдында әскери корреспондент А.Кривицкийге сол шешуші шайқас туралы айтып үлгерді.
Иван Шадрин – панфиловшы батыр. Соғысқа дейін Қазақстанға көшіп келіп, Қаратал ауданының Кировск кентіне орнықты. 1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково теміржол айрығындағы шешуші шайқаста ауыр жарақаттан есінен танып жатқан жерінен немістер тұтқынға алады. Соғыстан кейін елге оралған бетте оған «Алтын Жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені тапсырылады. Батыр 1958 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Киров кентінде тұрды.
Илларион Васильев – панфиловшы батыр.
Соғысқа дейін Гвардия ауданының №2 МВД совхозында жұмыс істеген. Васильев 1941 жылғы 16 қарашадағы Дубосеково теміржол айрығының маңындағы шешуші шайқаста сол бүйірінен снаряд жарықшағы тиіп, сол аяғы мен сол қолынан ауыр жараланады. Өліммен арпалыса отырып, орманға әрең жетіп құлаған жерінен кеңес жауынгерлері тауып алады. Госпитальде ұзақ емделіп, әрең жазылып шығады. 1943 жылы әскери комиссияның шешімімен демобилизацияланып, Қазақстанға қайтып келді.
Константин Шестаков 1923 жылы Талдықорған ауданы Қарабұлақ кентінде дүниеге келген. 1941 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1944 жылдың жазында Лениград облысын азат ету кезінде ерен ерлігімен көзге түскен Шестаков жаудың 50-ге жуық әскері мен офицерін жойды. Қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы, «Ленин ордені» мен «Қызыл Жұлдыз» медалі берілді. Ленинградтың гвардиялық мото-атқыштар полкі тізіміне Шестаковтың есімі мәңгіге енгізілді.
Михаил Чепрасов 1942 жылы Кеңес әскері қатарына алынды. 1943 жылдың шілде айында Орел қаласының түбінде болған шайқаста 84-гвардиялық жеке зенитті танкке қарсы жасаған ерлігі үшін дивизион жауынгері М.Чепрасовқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы мен «Ленин» ордені берілді.
Есмұрат Сиқымов Ақсу ауылында туған. Ел басына күн туған кезде майданға аттанады. 1943 жылдың 13 қыркүйегінде Посудово деревнясы үшін болған шайқаста ерен ерлік көрсетіп, қаза тапты.
Матай Баисов Шұбар ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырлды. Воронеж майданына қарасты 38-армиядағы 136-атқыштар дивизиясының 342-атқыштар полкі құрамында соғысты. 1943 жылы 2 қазанда Днепрдің оң жағалауында болған ұрыста ерен ерлік көрсетіп, қаза тапты.
Илья Каратаев – 1922 жылы Гвардейск ауданындағы Кривошеевка ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 1941 жылы шақырылған. 3-Витебск гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында соғысқан гвардия лейтенанты Каратаев 1944 жылғы 21 тамызда Урбантай деревнясын (Литва, Шакяй ауданы) қорғау кезінде ерлікпен қаза тапты.
Георгий Вожакин соғысқа дейін Кербұлақ ауданы, Сарыөзек станциясында тұрған. Әскер қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылды. Одер өзенінен өтерде ұйымдастырылған әскери операция кезінде ерен ерлік жасаған. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Владимир Иванилов 1941 жылы соғысқа аттанды. Қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Ленин» ордені, «Қызыл Жұлдыз», тағы бірнеше медальдармен марапатталған. Затор ауылында (Варшавадан 40 км) жерленген.
Викентий Тощенко Алакөл ауданы Үшарал селосында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күннен майданға аттанады. Қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Ленин» ордені, «Қызыл Жұлдыз», тағы бірнеше медальмен марапатталған. Затор ауылында (Варшавадан 40 км) жерленген.
Петр Вихрев Шелек ауданының Шелек селосында дүниеге келген. Соғыс қарсаңында Сарқан қаласына қоныс аударған. 1941 жылғы 14 қазаннан бастап 16-армияның әскерлері Волоколамск бағытында кескілескен ұрыстар бастады. Саяси жетекші Вихрев бастаған 14 жауынгер қорғаныс шебін ұстап тұрып, немістің бес танкісін, бір взвод автоматшыларын жойып жібереді. Осы ұрыста тұтқынға түспеу үшін ақырғы оғын өзіне жұмсайды. П.Б.Вихрев қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қожахмет Тышқанбаев Панфилов ауданында дүниеге келген. 1942 жылдың қаңтар айында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1943 жылы 2 қарашада Қырымдағы Елтиген ауданында неміс танкілерімен болған қырғын шайқаста ерлікпен қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы, «Ленин» ордені, «Ерлігі үшін» медалі берілді.
Анисим Павлович Пащенко – Жаркент ауданы, Лесновка селосында дүниеге келген. 1941 жылы Қызыл әскер құрамына алынды. Орталық, ІІІ Украина, І Беларусь майдандарындағы соғыстарға қатысқан. Висла өзенінен өту кезіндегі шайқаста ерен ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді
Павел Хмелев те Панфилов ауданында туған. 1942 жылы Орталық және Бірінші Украина майдандарында соғысқан. 1943 жылы 13 желтоқсанда Бердич тасжолы бойымен Житомирге қарсы бағыттағы ұрыста қаза тапты. Сержант П. Хмелевке қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы, «Ленин», «Қызыл Ту», І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен медальдар берілді.
Хамит Көбіков Панфилов ауданы Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1942 жылдан бастап соғыс аяқталғанға дейін майдандағы бірнеше шайқасқа қатысқан Хамит Көбіков Сталинград, Днепр, Одер, Прага, Берлинді азат ету ұрыстарында ерен ерлік көрсетеді. Әсіресе Одер маңындағы ұрыста айрықша қаһармандығымен көзге түседі. Соғыс аяқталған соң елге оралып, қызмет етті.
Сульги Лутфуллин Панфилов қаласында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылды. Аға сержант. Бас қолбасшылық резервінің 493-танкке қарсы жауынгерлік полкында қызмет етті. Польшаны азат ету кезінде ерекшеленді. 1945 жылы 30 қаңтардағы шайқаста С.Лутфуллин 7 танк пен 1 броне- транспортердің көзін жойды. Оған «Ленин» ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды. 1946 жылы запасқа шығарылды. 1990 жылы қайтыс болған.
Николай Турченко 1921 жылы Гвардия ауданы Холмогоровка селосында дүниеге келген. Майданға 1942 жылдың 12 шілдесінде кірді. 161-атқыштар дивизиясы 565-полкының бөлімше командирі Н.А.Турченкоға Днепрден өту кезіндегі ерлік көрсетті. 1972 жылы қайтыс болды.
Александр Тулинцев Талдықорған қаласында дүниеге келген. Әскер қатарына 1943 жылдың 20 ақпанында алынды. 205-гвардиялық атқыштар полкының (13-армия, 70-гвардиялық атқыштар дивизиясы) рота телефонисі Александр Тулинцевке Днепр өзенінен өткен кездегі көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1953 жылы майор шенінде запасқа шықты.
Андрей Воронин 1900 жылы Сарқан ауданы Антоновка селосында дүниеге келген. Ол соғысқа бастан аяқ қатысып, Сталинградтан бастап, Бранденбург қақпасына дейін барған. 16-шы Чернигов дивизиясының құрамында соғысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Алматы қаласында тұрды.
Василий Беленко 1907 жылы Сарқан ауданы Покатиловка (Екіаша) ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 1941 жылғы 9 желтоқсанда шақырылды. Ұлы Отан соғысына 92-гвардиялық атқыштар дивизиясының 282-гвардиялық атқыштар полкі құрамында қатысты. Днепрден өткенде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін туған ауылына оралды. 1958 жылы қайтыс болды.
Иван Косенков 1923 жылы Семей облысы Белағаш ауданы Богословка селосында дүниеге келген. 1941 жылы желтоқсанда Қызыл әскер қатарына шақырылып, түрлі майдандарда шайқасты. Үш рет жараланды. Днепрден өтерде неміс-фашист басқыншыларына қарсы ұрыстарда ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Үштөбе станциясында жұмыс істеді.
Николай Иванов Кербұлақ ауданы Аралтөбе селосында дүниеге келген. 1942 жылы наурыз айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ашхабад қаласында (Түркіменстан) әскери мектепте оқиды. 1943 жылы 187-атқыштар полкінің бөлімше командирі болып майданға аттанды. Днепр өзенінен өтуге, Николаев, Одесса, Тернополь қалаларын азат етуге қатысты. Одесса маңындағы айқаста жараланып госпитальге түседі. Госпитальден шыққаннан кейін, 246-гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқа қайта аттанады. Соғыс аяқталғаннан кейін 1949 жылы Ленинград орман техникумын бітіріп, Панфилов ауданында орман шаруашылығында жұмыс істеді.
Егор Чуйков Кербұлақ ауданы Голубиновка селосында дүниеге келген. Хасан көлінде жапон әскерімен болған қақтығыстарда көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленинград әскери-саяси училищесін бітірген соң, әскери қызметін Қиыр Шығыста жалғастырды.
Иван Малин 1942 жылы майданға аттанып, Сталинград, Орталық және І Украина майдан- дарындағы ұрыстарға қатысты. Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін туған кеңшарына оралып, партия ұйымын басқарды.
Николай Шевелев 1941 жылдың сәуір айында Қаратал аудандық әскери комиссариаты Қызыл Әскер қатарына шақырады. Майдан тылына немістердің кіріп кетуіне мүмкіндік бермей, атыс шебін ұстап тұрған ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1980 жылы 21 ақпанда Баку қаласында қайтыс болды.
Василий Моисеенко Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылған. І Украина майданы 1-гвардиялық атты әскери корпусы 2-гвардиялық атты әскер дивизиясы, 7-гвардиялық атты әскер полкі құрамында соғысқа қатысқан.
Павел Поросенков екінші дүниежүзілік соғыста 14-армияның 104-атқыштар дивизиясы 95-атқыштар полкі взводының кіші командирі болған. Ауыр жарақаттан кейін демобилизацияланып, туған өлкесіне оралды. Содан кейін Панфилов ауданы, Көктал ауылында тұрып жұмыс істеген. 1976 жылы дүниеден өтті.
Гавриил Будник 1924 жылы Талдықорған облысының Қапал әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылған. 8-атқыштар дивизиясының 310-атқыштар полкі 8-атқыштар дивизиясының 151-атқыштар полкі 161-қосалқы атқыштар полкінің құрамында болған. «Ленин» ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін иеленген. «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Материалдар мен фотосуреттерді Жетісу облысының мемлекеттік архиві ұсынды.