БЕЙБІТШІЛІК, БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДІҢГЕГІ, ӘРІ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

БЕЙБІТШІЛІК, БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДІҢГЕГІ,  ӘРІ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі

күнімен құттықтауы

 

Құрметті жетісулықтар!

 

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Достық пен тұрақтылықтың, өзара татулықтың белгісі болған бұл маңызды мемлекеттік мереке қай-қайсымыз үшін де ерекше қымбат.

Бейбітшілік, бірлік пен келісім біздің басты құндылығымыз және  қашанда қастерлі бола бермек. Осы орайда 30 жылдық тәжірибесінде өзін теңдессіз қоғамдық институт ретінде қалыптастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы халықты ұйыстыру мен елімізді одан әрі дамытудың байсалды диалог алаңына айналғаны анық.

Бүгінде Жетісу облысы – еліміздің көпэтносты өңірлерінің бірі. Ұзақ жылдар бойы біздің тарихымыз бен тағдырымыз тоғысып, ортақ көзқарасымыз орнықты. Бір мақсатқа жұмылудың арқасында сан қиындықты бірге еңсеріп, елеулі табыстарға жеттік, бұл ретте «бірлігіміз - әралуандықта» қағидаты біздің барша игілігіміздің діңгегі болды.

Өңірдің дамуына және ынтымағымызды нығайтуға қосқан еселі еңбектеріңіз бен сүбелі үлестеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, ортақ Отанымыз – Қазақстанның игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін!