Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті қабылдауға жазылған үш тұрғын жер және тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарқан қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Н. Тазанова өзіне бір кездері пайға берілген жердің қазіргі даулы мәселесі жайлы баяндап, оны меншігіне қайтарып алғысы келетінін жеткізді. Мәселенің мәнісін анықтай келе, облыс басшысы бұл істің түбегейлі тек сот арқылы шешілетінін айтып, бұл ретте аудан әкімдігіне ардагерге құқықтық жағынан кеңес беріп, заңдық тұрғыда қолдау көрсетуді тапсырды.

Сол сияқты қабылдауда баспана мәселесін көтерген талдықорғандық екі тұрғынға тұрғын үй қатынастары туралы заңның талаптары түсіндірілді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай