17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мәдениет және ұлттық дәстүр күні қазақ халқының дәстүрлерін, қолөнерін, өнері мен мәдениетін насихаттап, паш етеді, көрмелер, концерттер, театрландырылған көріністер ұйымдастырылып, халық қолөнері мен дәстүрлі өнерін үйрететін шеберлік сағаттары өткізіледі. 

Бұл жастардың елдің мәдени мұрасы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі туралы көбірек білуіне, ал үлкендердің өз тәжірибесі мен білімін өскелең ұрпаққа сіңіруіне ықпал етеді.