14 наурыз - "Көрісу күні - Амал мерекесі"

14 наурыз - "Көрісу күні - Амал мерекесі"

"Наурызама" онкүндігі "Көрісу күні - Амал мерекесінен" басталады, сөйтіп Наурыз мерекесі 14-23 наурыз аралығында он күн бойы кең көлемде тойланады.

Онкүндіктің әр күні халық мәдениетін, қоғамның татулығын паш ететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады.

Мерекенің алғашқы күні таңсәріден тұрып, ағайын-туыс, дос-жаранға барып, амандасып, "Жасың құтты болсын!" деп құшақтасып көріскен. Ренжіскендер болса, бір-бірінен кешірім сұрайды. Сонымен қатар "Көрісу күні - Амал мерекесі" өскелең ұрпақтың бойында үлкендерге құрмет, ізгілік пен мейірімділік сияқты қасиеттерді сіңіруге жәрдемдесіп, өзара сыйластыққа үйретеді, береке мен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.