Талдықорғанда тегін "Python" курсына жазылу басталды

Талдықорғанда тегін "Python" курсына жазылу басталды
Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасы мен«Jetisu Digital»  IT-hub қолдауымен "Samsung" компаниясы "Python" бойынша тегін офлайн курсын іске қосады.
 
Кімдерге арналған? 13-25 жас аралығындағы жастарға.
 
Қайда?  «Jetisu Digital» IT-hub Талдықорған қ., Қонаев көшесі, 47.
 
Сабақтар қашан өтеді?
  • 1-топ: сейсенбі және бейсенбі, 15:00 – 17:00.
  • 2-топ: сейсенбі және бейсенбі, 17:00 – 19:00.
Курс ұзақтығы: 4 ай.
 
Нәтижесі:
  • Ең танымал және болашағы зор бағдарламалау тілін меңгеру;
  • Аптасына 2 рет 120 минуттық сабақтар;
  • Сертификаттар және үздік студенттерге "Samsung"-тан бағалы сыйлықтар.
 
Қалай жазылуға болады?
  • Тіркеуден өтіңіз 👉 https://samsung-campus.kz/
  • Кіріспе емтиханды тапсырыңыз (өту балы — 40) және пәнді таңдаңыз!
 
Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады.
 
Қатысып үлгеріңіз! 
 
Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының ақпараты бойынша