Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, денсаулық сақтау мәселелері бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің қабылдауына кіргендердің дені – баспана кезегінде тұрған азаматтар. Олардың үй алуға қатысты сұрақтарына байланысты тұрғын үй заң аясында кезек ретімен берілетіні, «Отбасы банк» АҚ арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар мүгедектік тобын өзгертуге қатысты екі азаматтың қосымша сауалдарына орай олардың денсаулық жағдайын комиссиялы түрде қайта қарау облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай