Талдықорғанда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Талдықорғанда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Бүгін Талдықорғанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы қатысып, әскери қызметшілермен бірге орталық саябақтағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін атқарды. 

Салтанатты шара І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасты. Қала әкімі Ернат Бәзіл Отан тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметкерлер мен сарбаздардың еңбегі мен ерліктеріне алғысын білдіріп, бірқатарына алғыс хат табыс етті.

«Бұл мереке – ел мен жердің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Сүйікті Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын құрметтейтін күн.
Дана халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе,
Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қоятынын көрсетеді. Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы екендігін ұмытпаған жөн», - деді қала әкімі.

Шарада өңір өнерпаздарының мерекеге дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай