Өңірде «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды

Өңірде «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды

Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Науқан аясында өңір тұрғындары өзендер мен көлдердің маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялар өткізуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, жалпы облыс бойынша осы апталықта 20 мыңға жуық адамның қатысуымен 50 экологиялық шара өткізу жоспарланған. Ауыл-аймақтар өз аумағындағы өзендер маңына тазалық шараларын жүргізіп, бұлақтардың көзін ашады. Сол қатарда Қаратал, Ақсу, Қора, Тентек, т.б. өзендердің жағалаулары қоқыстан тазартылады. Қала аумағындағы арық жүйелері тазаланып, өзен суларының арнасы ашылады. Қазір мұндай жұмыстар жергілікті жерлерде белсенді жүріп жатыр.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді Көксу ауданының әкімідігі ұсынды.