Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік грант беру конкурсы жарияланды

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік грант беру конкурсы жарияланды

Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша Жетісуда әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін берілетін гранттарға конкурс жарияланды. Оған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

Байқауға қатысудың толық шартымен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады:

Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен гранттарға конкурс жарияланады – НАО "Центр поддержки гражданских инициатив" (cisc.kz)

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметінің мәліметтерінен.