Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Іс-шара барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қабілетін нығайту маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізілуде. Осы бағытты іске асыру үшін отырыста төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, сібір жарасының ошағын көмуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында қабылданған шаралар, сол сияқты сәулет, экология салаларында атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар, сондай-ақ құрылыстағы проблемалық объектілерді аяқтау мәселелері талқыланды.
Аталған салалар 2023 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг аясында Антикор қызметінің зерттеу нысандары болған еді және облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген болатын.
Отырыс қорытындысында өңір басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдердін белгілеп, ұзақ құрылыстардың салынуын уақтылы аяқтауға және жұмсалатын бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды.
Жетісу облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлімінің мәліметі бойынша