«Талдықорған» ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтуде

«Талдықорған» ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтуде

Бүгін Наурызнаманың «Ұлттық спорт күніне» орай Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен Жетісу облысының чемпионаты өтіп жатыр. Онда 4 спорт түрінен 130-ға жуық спортшы қатысуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Талдықорған» ипподромында өтіп жатқан жарысқа қатысушылар ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу түрлерінен бақ сынасуда. Атап айтқанда, көкпардан Ескелді,  Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов аудандарынан 60 спортшы, жалпы саны 5 команда қатысып жатыр. Сол сияқты аударыспақта 47 спортшы, Жамбы атудан 9 спортшы, теңге ілуден 11 спортшы сайысқа түсуде.

Ұйымдастырушы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, спорт жарыстарының қорытындысы бүгін кешке шығарылып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілші: Жеңіс Ысқабай