Ауылдық жерде тағы бір спорт нысаны ашылды

Ауылдық жерде тағы бір спорт нысаны ашылды

Жетісу өңіріндегі ауылдық елді мекенде тағы бір спорт нысаны ашылды. Кербұлақ ауданы Шанханай ауылындағы күреске арналған бұл жаңа спорт залда енді бір мезгілде 50 адам жаттыға алады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жанат Жүнісбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Саят Сарқытов, Әлем және Азия чемпионы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәурен Жұмағалиев қатысты. Олар ауылдықтарға құттықтау тілектерін білдіріп, жас спортшыларға  толайым табыс тіледі. 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, нысанның құрылысына бюджеттен 215 млн. 400 мың теңге бөлінді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.