Биыл Жетісу облысында 60-қа жуық медициналық нысан іске қосылады

Биыл Жетісу облысында 60-қа жуық медициналық нысан іске қосылады

Биыл Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру  аясында 8 ауданда 59 нысан іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бирифинг өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Спикердің айтуынша, іске қосылатын нысандардың ішінде 5-еуі дәрігерлік амбулатория, 39-ы фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункттер. Бұл ретте өткен жылы медициналық ұйымдарды құралдармен жабдықтармен жабдықтау көрсеткіштері 91%-дан 93%-ға өскен. 

Кадр тапшылығы мәселесі де шешілуде:

- Облыстың медициналық ұйымдарында 1894 дәрігер мен 6820 медбике жұмыс істейді. Алайда кадр тапшылығы әлі де бар. Өңірге жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, педиатрлар, анестезиологтар-реаниматологтар қажет. Мәселен, 2023 жылы облысқа 18 маман келді, оның 8-і резидент. 614 медицина қызметкері біліктілігін арттырып қайтты. Сұранысқа ие бейіндегі медицина мамандарын даярлау мақсатында 2023-2024 оқу жылына 45 резидент түсті. Тәжірибе алмасу үшін мамандар шетелдік клиникаларға жіберілді, осылайша 2023 жылғы қарашада неонаталдық реанимация, балалардағы политравма, акушерліктегі ауыр жағдайларда инфузиялық-трансфузиялық терапия бағдарламалары бойынша Түркия Республикасының клиникаларында тағылымдамадан 27 маман өтті. Бұдан басқа, жыл сайын Хенда (Оңтүстік Корея) клиникаларының мамандары Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының базасында мастер-класстар өткізеді, содан кейін біздің дәрігерлерді Оңтүстік Кореядағы базасында 4 ай емдеуде оқытады, - деді А. Жансеңгіров.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар өз жемісін беріп, облыстағы клиникаларда жаңа заманауи емдеу-диагностикалық технологиялар енгізілуде. Облыстық көпсалалы клиника (ОКК – онкология) бас миының қатерлі ісіктері, өкпе, бауыр, ұйқы безі, бүйрек ісігі кезіндегі аймақтық артерияішілік химиотерапия сияқты емдеу түрлерін жүргізіп келеді. Мұнда жалпы 214 саны операция жасалды. Қазіргі уақытта бұл емдеу түрлері онкологиялық институттар деңгейінде ғана жүргізілуде. Облысымыздағы онкологиялық диспансерге көрші елдерден науқастар келеді, резидент емес науқастардың саны да өсіп, 174 сырқат емделді. 2023 жылдан бері Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында бұрын жасалмаған, есту қабілетін жақсартатын операциялар (тимпанопластиканың барлық түрі), есту сүйектерін протездеу, мұрын қуысына эндоскопиялық операциялар және мұрын қуысына кеспей операция жасалып келеді. Өткен жылы науқастардың сауығып кетуіне және олардың қалыпты өмірге оралуына септігін тигізген 21 жоғары технологиялық хирургиялық операция сәтті жасалды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.