"Үшарал - Достық" автожолы: жол қозғалысының жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды неліктен елемеуге болмайды

"Үшарал - Достық" автожолы: жол қозғалысының жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды неліктен елемеуге болмайды

Қыс мезгілі Қазақстанда көбіне ұзақ тұратын аяз, қатты желдің екпіні, қарлы боран мен қар көшкіндері жиі болады. Жетісу облысы да мұндай құбылыстардан тыс қалмайды. «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, облыстың бірқатар аудандарында желдің екпіні 25-30 м/с-тан асты.

Қысқы кезеңнің басынан бастап қарлы боран мен қатты желдің екпініне байланысты Алакөл ауданында 15 дауылды ескерту жарияланып «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолы 9 рет жабылды, бұл аталған учаскеде тұрақты болатын құбылыс.

Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеттерінің бірі - халықты Төтенше жағдайлардан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, яғни қиын жағдайда жазатайым оқиғаларға жол бермеу. Осылайша, құтқарушылар қарлы боранда қалып қалған азаматтарды құтқару үшін үнемі жолға шығады.

2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап «Үшарал-Достық» автожолында 146 адам құтқарылды, оның 13-і бала, 45-і шетел азаматы, 17 адам төтенше жағдайлар аймағынан эвакуацияланып, қар құрсауынан 33 техника шығарылды.

Тұрғындардың, көлік қызметтерін көрсететін компаниялар басшыларының, жүргізушілердің назарына салатын мәселе, ешқандай жағдайда да дауыл туралы ескертулер мен жол қозғалысының жабылуы мен шектелуі туралы хабарламаларды елемеуге болмайды. Мобильді құрылғыларыңызға «Дәрмен» қосымшасын орнатуды ұсынамыз, онда дауылды алдын ала ескертулер, автожолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпарат және жол қозғалысыңызды ғана емес, басқа да өмірлік жағдайларды жоспарлауға көмектесетін басқа да пайдалы ақпараттар орналастырылады. Сондай-ақ "Дәрмен" қосымшасына ақпараттық хабарламалар уақтылы келіп түстетінін де айтуға болады. 

Сонымен қатар қар көшкіні кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске саламыз:

- көлікте алыс жолға шыққан кезде жылы заттар, азық-түлік, алғашқы көмек қобдишасы, сүйрету кабелі, күрек, балауыз шамдары, ұялы телефон зарядтағышы, жанар-жағармай қоры және қиын жағдайда Сізге пайдалы болуы мүмкін барлық нәрселеріңіз болуы керек.

- қар үйінділерін еңсеруге тырыспау керек, егер мүмкін болса, тоқтап, ең жақын елді мекенге оралып, жолдың тазалануын күту керек.

- Егер сіз әлі де елді мекеннен тыс жерлерде, қолайсыз ауа райында қар көшкіні құрсауында қалсаңыз, көліктен кетуге тырыспаңыз, көліктің қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

– көліктен мезгіл-мезгіл шығып, оның астына көмілмеу үшін қарды тырмалау қажет;

- қармен жабылмаған көлік, іздеу тобы үшін жақсы нұсқаулық болып табылады.

- автокөліктің қозғалтқышы «қатып қалмас үшін» оны мезгіл-мезгіл жылытып отыру керек, автомобильді жылыту кезінде пайдаланылған шығу газын кабина ішіне (шанаққа, салонға) кіріп кетуіне жол бермеу керек, осы мақсатта пайдаланылған құбырдың қарға толып кетпеуін және жел бағытында орналасуын қамтамасыз ету маңызды.

- егер жолда бірнеше адам (бірнеше көлікте) бірге болса, барлығын біріктіріп, бір көлікті баспана ретінде пайдаланған жөн және құтқару бөлімшесін күту керек.

                                                 Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі