Талдықорғанда Kcell мобильді операторы 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты

Талдықорғанда Kcell мобильді операторы 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты

Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының деректері бойынша, Талдықорғанда Kcell мобильді операторы келесі мекенжайлар бойынша 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты:

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Уәлиханов көшесі, 179, фин моншасы;
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Samal mcr. 33, land for tower;
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, «Жетісу» стадионы, жарықтандыру мұнарасы;
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, 2-шағын аудан. d10, TUSM-5.

Бұдан басқа, өңірлік провайдер-компаниямен облыс орталығына жақын орналасқан «Ынтымақ» шағын ауданы мен Өтенай ауылы үшін интернет желілерді төсеу келісілді, алайда әзірге жоғары жылдамдықты веб-қосылыммен қамтамасыз етілмеген.

Цифрлық ведомствоның мәліметінше, Талдықорған қаласы 2025 жылға қарай 5G желісіне толық қосылады.

Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы.

Талдықорғанда Kcell мобильді операторы 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты (www.gov.kz)