Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:

☑️ қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;

☑️ технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жетілдіру.

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

ЕҚжЕҚ бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру механизмі:

1.Жұмыскерлер саны 50-ден астам өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін ұйымның бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға тікелей бағынатын ЕҚжЕҚ қызметі құрылады.

2.Ұйымдағы ЕҚжЕҚ қызметі туралы үлгі ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.

3. Жұмыскерлердің саны 50 адамға дейін болатын жұмыс беруші қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі маман лауазымын енгізеді немесе ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету жауапкершілігін басқа маманға жүктейді.

ЕҚжЕҚ қызметі немесе маманы:

- өндірістік, шаруашылық және басқа да үй-жайларды еркін аралап, қарап шығуға және құрылымдық бөлімшелерде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауға;

- ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті нұсқамалар беруге құқылы.

Жетісу облысының еңбек инспекция бойынша басқармасының мәлімет бойынша