Жетісу облысының туристік әлеуетін арттыру үшін инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, 2022 жылы Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы іске қосылды, «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық» автомобиль жолдарының асфальтбетон жабыны төселді, биыл толық аяқталады. Балқашқа дейінгі жол құрылысына келсек, биыл бұл жұмыстардың 70%-ы бітеді, келесі жылы толық аяқталып, жағалаудағы инженерлік – коммуникациялық желілердің құрылысы басталады. Соның нәтижесінде барлық республикалық маңызы бар жолдардың сапасы жақсарады. Келесі жылы Сарыөзек-Жаркент жолының жөндеу жұмыстары аяқталады, - деді Б.Исабаев.
Сол сияқты Сарыөзек-Жаркент жолы да жөнделуде. "Бұрқанбұлақ" сарқырамасына апаратын жолды жаңғырту жұмыстарының, шаңғы-биатлон кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.