«Alacem» зауыты ауылға жедел жәрдем сатып әперді

«Alacem» зауыты ауылға жедел жәрдем сатып әперді

«Alacem» ЖШС Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округіне жедел жәрдем көлігін алып берді. Серіктестік директорының орынбасары Станислав Щербаков санитарлық автокөліктің кілтін медицина мамандарына салтанатты түрде табыс етті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы 3 мыңнан астам халқы бар округте 4 медициналық мекеме жұмыс істейді. Соның бірі Басши ауылындағы осы ауылдық аурухана бүгін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында «ГАЗ» маркалы санитарлық көлікке қол жеткізді. Бұған дейін мұнда ескірген 1 ғана арнайы автокөлік болған. Ауруханада жалпы саны 21 адам жұмыс істейді.

Салтанатты рәсімде сөз алған аудан әкімі Қанат Есболатов тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан басты назарда екеніне тоқталып, автокөлік сатып әпергені үшін «Alacem» цемент зауытына алғысын айтты.

Еске салсақ, Кербұлақ ауданында орналасқан «Alacem» зауыты Басши ауылы тұрғындарына 450 тонна көмірді қыс мезгілінде тегін тасымалдап берген болатын. Сол сияқты мерекелік шараларға, «Мектепке жол» акциясына және басқа да қайырымдылық істерге белсенді қолдау көрсетіп келеді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.