"Qazaq Air" Астанадан Талдықорғанға енді күн сайын қатынайды

"Qazaq Air" Астанадан Талдықорғанға енді күн сайын қатынайды

Qazaq Air 22 мамырдан бастап Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшатын болады. Ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады.

Рейстер келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 429 Астана 13:00 – Талдықорған 14:45;

IQ 430 Талдықорған 15:15 – Астана 17:05.

Ұшу кестесі туралы ақпаратты www.flyqazaq.com сайтынан біле аласыз.  Билеттерді брондау және сатып алу үшін әуе кассаларына хабарласуға болады. Сондай-ақ, әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

«Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясы Қазақстан қалаларынан Түркістан, Омбы және Екатеринбургке халықаралық тікелей және қосылатын рейстерді орындайды. www.flyqazaq.com сайтынан билеттерге қазірден бастап тапсырыс беріп, бізбен бірге саяхаттаңыз» делінген әуе компаниясының хабарламасында.

https://www.flyqazaq.com/kz/qazaq-air-astanadan-taldykorganga-kun-sajyn-usatyn-bolady/ 

https://www.interfax.kz/?lang=kaz&int_id=21&news_id=54189