Жетісуда 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер

Жетісуда 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер

Жетісу облысында 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер болып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, үздік белгіге үміткерлердің басым бөлігі, яғни 71-і  Талдықорған қаласынан. Екінші орында Панфилилов ауданы – 31 үміткер, бұдан соң Сарқан ауданы – 28.

Еске салсақ, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары Жетісу облысында  8700 орынды 10 мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, әрқайсысы 600 орындық мектептер Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында, Достық стансысында, Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында, Көксу ауданының Балпық би ауылында, 1200 орынды мектептер Панфилов ауданы Жаркент қаласында,  Талдықорған қаласындағы «Жастар», «Шығыс», «Көктал» шағынаудандарында, 1500 орындық мектеп – «Оңтүстік-Батыс», 900 орындық – «Жастар-2» шағын аудандарында, сол сияқты 300 орындық мектеп Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында салынады. 

Соның ішінде 1800 орындық 2 мектептің құрылысы 2023 жылға жоспарланған (Алакөл ауданы Достық стансясындағы 600 орынды мектеп, Паняилов ауданы Жаркент қаласындағы 1200 орындық мектеп).

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.