Көксу ауданындағы перзентханада сайлау учаскесі ұйымдастырылды

Көксу ауданындағы перзентханада сайлау учаскесі ұйымдастырылды

Жетісулық жас аналар да Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайтауына белсене қатысуда. Мәселен, Көксу ауданы Балпық би ауылындағы перзентханада сайлау учаскесі ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксулық Ажар Ерденбекова да сайлау күнін перзентханада қарсы алды. Жас ана осыдан екі күн бұрын өзінің тұңғышын дүниеге әкелген. Сөйтіп жас отбасы ұлды болды.

- Ең алдымен мен осы сәбиімнің болашағы үшін дауыс бердім. Еліміздің ертеңі жарқын болатынына сенемін. Бізге дауыс беруге жағдай жасағандарыңызға рахмет. Мен үшін сайлауға қатысу – азаматтық міндетім», - дейді ол.

Атап өтсек, перзентханадағы сайлау учаскесінде қажетті жабдықтар түгел, жас босанған әйелдерге жағдайлы болу үшін мұнда жылжымалы жәшіктер орнатылған.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.