Текеліде сайлауға велосипедшілер Мемлекеттік Ту ұстап, шеру жасап келді

Текеліде сайлауға велосипедшілер Мемлекеттік Ту ұстап,  шеру жасап келді

Бүгін Жетісу облысы Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесіне велосипедші жастар келіп, дауыс берді. Олар патриоттық рухты көтеру мақсатында учаскеге Мемлекеттік Туды көтеріп, сап түзеп, велошеру жасап келді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз, - дейді  «Velotravel Tekeli» спорт клубының мүшесі Ынтымақ Әленбек.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.