Жүз бір жастағы әже таңдау жасады

Жүз бір жастағы әже таңдау жасады

Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова сайлауда таңдау жасады. Ол өз сайлау учаскесіне таңғы сағат 7-ден келген. Он екі бала тәрбиелеп өсірген алтын құсақты ана қарттығына қарамастан, еліміздегі саяси науқандарда белсенді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Мен референдумда да, Президент сайлауында да учаскеге өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін де өзім келдім. Бұл - менің парызым. Әркім осылай таңдау жасауы керек. Елдің ертеңі – жастар, ал біз оларды қолдауымыз керек. Жасым 101-ге келді. Сондықтан бәріңе менің жасымды берсін», - деп кейуана көпшілікке батасын берді.

Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс беруге келген әжеге құрмет көрсетіп, сыйлық жасады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.