Жетісулық қарт ана дауыс берді

Жетісулық қарт ана дауыс берді

Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апа сайлаудан тыс қалмай өз даусын берді.

Ауданда тұратын жасы жүзден асқан Алтынхан апа ақ бастасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, ел мен жердің тыныштығын тіледі.

«Мен өзімнің осы бір ғасырлық ғұмырымда баршылықты да, жоқшылықты да, жақсыны да, жаманды да бастан өткердім. Ендігі жерде осындай бейбіт күнді, берекелі өмірді бағалай білсек, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, еліміз гүлдене берсе деп тілеймін. Жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан қалып көрмедім». - деді қарт ана.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға Сарқан ауданы бойынша 26 мыңнан астам сайлаушы дауыс бермек.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.