Талдықорғанда алғашқылардың бірі болып түйешілер дауыс берді

Талдықорғанда алғашқылардың бірі болып  түйешілер дауыс берді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында № 419 сайлау учаскесіне келушілер белсенді. Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түйешілер қатарында   35 жастағы Байзақов Ұлан да бар. Ол соңғы 15 жылда түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша, түйені асырау оңай емес, дегенмен қос өркешті қастерлі малдың иесі болу бір ғанибет.

«Аптаның демалыс күндері түйемді орталық саябақтарға алып шығамын. Үстіне мінгеніне қуанған балаларды көрудің өзі бақыт. Осындай қызмет көрсетуден тапқан қаражатты түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі сайлауға ертелетіп келіп, дауыс бердім. Себебі күні бойы түйе бағымына қатысты атқаратын шаруам көп», - дейді Ұ.Байзақов.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.