Бүгін отау құрған жас жұбайлар сайлау учаскесіне келді

Бүгін отау құрған жас жұбайлар сайлау учаскесіне келді

Бүгін кербұлақтық Аманбаев Медет үшін қос қуаныш. Жас азамат бүгін Индира Ерболатовамен шаңырақ көтеріп отыр. Осы қуанышты күнде жас жұбайлар Сарыөзектегі Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №613 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сайлау күні мен отау құру күнінің қатар келуін олар жақсылықтың нышаны деп есептейді. «Біз отбасылық өмірдегі алғашқы қадамымызды еліміздің ертеңін өзгертуге үлес қосудан бастағымыз келді. Сайлауда дауыс беру – өз болашағыңа дауыс беру», - дейді жас жұбайлар.

Бүгін сағат 16.00-дегі мәлімет бойынша, Жетісу облысында сайлаушылардың 68,88%  дауыс берген.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.