Үшарал әуежайының жұмысы қайта жанданды

Үшарал әуежайының жұмысы қайта жанданды

Бүгін Үшарал әуежайы ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстарынан кейін алғашқы ұшақты қабылдады. Жуырда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі аэродромның іске кірісуге әзір екендігі туралы сертификатын берген болатын, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші рейстің жолаушылары Талдықорғаннан сағат 11.50-де ұшып шығып, Үшаралға 12.50-де қонды.

11 тамыздан бастап «Жетісу» авиакомпаниясы күнделікті «Талдықорған – Үшарал - Талдықорған» бағытында авиарейстерін ұшырады. Билеттерді Үшарал және Талдықорған қалаларының әуежайы кассаларынан, сол сияқты онлайн түрде де алуға болады. Сол сияқты «SCAT» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейстері 15 тамыздан, ал Алматы мен Үшарал арасындағы әуе қатынасы 16 тамыздан бастап жанданады деп жоспарланып отыр.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.